БАУЫРЖАН ЖҮСІПОВ ҚР ДСМ МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖӘНЕ ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ БАҚЫЛАУ КОМИТЕТІНІҢ ТӨРАҒАСЫ БОЛЫП ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

БАУЫРЖАН ЖҮСІПОВ ҚР ДСМ МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖӘНЕ ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ БАҚЫЛАУ КОМИТЕТІНІҢ ТӨРАҒАСЫ БОЛЫП ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

2025 жылдың 5 наурыз күні Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Төрағасы лауазымына Жүсіпов Бауыржан Әлішерұлы тағайындалды.

Іс-шара барысында Денсаулық сақтау министрлігінің Вице-министрі Мұратов Тимур Мұратұлы сөз сөйлеп, жаңа тағайындалған Комитет төрағасының мол тәжірибесі мен кәсіби біліктілігін жоғары бағалап, оның Комитет жұмысына оң өзгерістер әкелетініне сенім білдірді.

Іс-шара соңында, Комитет қызметкерлеріне алдағы уақытта атқарылатын жұмыстар мен жоспарлар туралы айтылып, сәттілік тіледі.