
Департаменттің Медициналық қызметті сертификаттау және лицензиялау бөлімінің басшысы-Д. Б. Ахметжанов ҚР ДСМ 2020 жылғы 20 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-283/2020 бұйрығымен бекітілген Денсаулық сақтау қызметкерлеріне біліктілік деңгейін беру және растау арқылы сертификаттау мәселелерін атап өтті.
Сұрақтар орта білімнен кейінгі білім (қолданбалы бакалавриат) (5.0) және жоғары білім (академиялық бакалавриат) (6.0) сияқты білім деңгейімен біліктілік деңгейін беру және растау сертификаттарын алуға қатысты болды.
Сонымен қатар, спикер санат беру туралы мерзімсіз куәліктері бар медицина қызметкерлері оларды білімі мен дағдыларын бағалаудан өтпей-ақ тиісті біліктілік деңгейіндегі маман сертификатына қайта ресімдейтінін атап өтті.
Семинар барысында қатысушылар нақтылайтын сұрақтар қойып, оларға толық жауаптар берілді. Іс-шара қорытындысы бойынша медициналық ұйымдардың өкілдері ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді.