
2025 жылдың 26 ақпан күні Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің төраға орынбасары лауазымына Айманов Нұрлан Бағдаулетұлы тағайындалды.
Іс-шара барысында Денсаулық сақтау министрлігінің Вице-министрі Мұратов Тимур Мұратұлы сөз сөйлеп, жаңа тағайындалған орынбасардың мол тәжірибесі мен кәсіби біліктілігін атап өтіп, алдағы уақытта ұйымның жоғары нәтижелерге жетуіне үлкен үлес қосатынына сенім білдірді.
Іс-шара соңында, Комитет қызметкерлеріне алдағы уақытта атқарылатын жұмыстар мен жоспарлар туралы айтылып, сәттілік тіледі.