
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық жəне фармацевтикалық бақылау комитетінің Атырау облысы бойынша департаментімен «Индер аудандық ауруханасы» ШЖҚ КМК-ның медициналық қызметкерлерімен көшпелі семинар өткізілді.
Семинарда Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 20 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-283/2020 «Денсаулық сақтау қызметкерлерінің үздіксіз кәсіби дамуының нәтижелерін растау, біліктілік деңгейін арттыру және растау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығының талаптарына сәйкес түсіндерме жүргізілді.
Департаментінің медициналық қызметті сертификаттау және лицензиялау бөлімінің басшысы Джунусова Светлана Бисеновна денсаулық сақтау қызметкерлерінің біліктілік деңгейін арттыру және растау мәселелері бойынша түсіндіріп, семинар соңында медициналық қызметкерлерінің сұрақтарына жауап берілді.