
2024 жылы қараша айында Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің ШҚО бойынша департаментінің Әдеп жөніндегі уәкілі Айгуль Мухтарханованың төрағалығымен “Ашық есік күні” өтті.
Фармацевтикалық және медициналық қызмет өкілдерінің мәселелері бойынша түсініктемелер мен консультацияларды медициналық қызметті сертификаттау және лицензиялау бөлімінің басшысы Думан Ғылыммедден, фармацевтикалық инспекторат және фармацевтикалық қызмет саласындағы мемлекеттік қызметтер бөлімінің басшысы Жансая Қайратова және фармацевтикалық инспекторат және фармацевтикалық қызмет саласындағы мемлекеттік қызметтер бөлімінің бас маманы Гүлжан Сыдықова жүргізді.
Айгуль Мухтарханова акция қатысушыларымен Департамент қызметкерлерінің этика мен деонтологияны сақтауы бойынша сауалнама және әңгімелесу өткізді. Сауалнама нәтижелері бойынша қызметкерлер мемлекеттік қызметтерді бұзушылықсыз көрсеткені және ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаларын және мемлекеттік қызметкерлердің әдеп ережелерінің барлық талаптарын сақтайтыны туралы қорытынды жасалды.
“Ашық есік күніне” коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын өкілдері: заңгер Юфин Александр, дәрігерлер Жигитова Арайлы, Амренова Гульсун, ЖШС өкілдері Ахметбекова Жұпар, Ерболатова Алина, Герман Анастасия және басқа да жеке тұлғалар қатысты.