Қарағанды облысында денсаулық сақтау саласындағы мамандардың сертификаттарын беру бойынша түсіндіру жұмыстары жалғасуда

Қарағанды облысында денсаулық сақтау саласындағы мамандардың сертификаттарын беру бойынша түсіндіру жұмыстары жалғасуда

2024 жылғы қараша айында Қостанай қаласында «Стоматологиядағы өзекті мәселелер» тақырыбында Қазақстан стоматологтарының Бірыңғай қауымдастығының конференциясы (ЕКАС) өтті.

Іс-шараға Денсаулық сақтау басқармасының, санитарлық-эпидемиологиялық бақылау және медициналық және фармацевтикалық бақылау департаменттерінің өкілдері, Қостанай облысының стоматологтары қатысты.

Конференцияны Қостанай облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Әлмағамбетов Қ.Р. құттықтау сөзімен ашты. Эпидемиологиялық қадағалау және бақылау бөлімінің басшысы Дунасарова Р.А. өз сөзінде стоматологиялық клиникаларда санитарлық-эпидемиологиялық режимді сақтау талаптарын түсіндірді. Медициналық қызметті сертификаттау және лицензиялау бөлімінің басшысы- Ахметжанов Д.Б. медициналық қызметті лицензиялау және медицина қызметкерлерін сертификаттау мәселелерін атап өтті.

ЕКАС вице-президенті Елена Владимировна Волобуева конференция қатысушыларына стоматологиядағы реминерализациялық терапия әдістемесі туралы айтып берді. Қысқа үзілістен кейін ЕКАС Президенті, ҚР ДСМ бас штаттан тыс стоматологы, м. ғ. д., профессор С. С. Есембаева баяндама жасады.

Конференция соңында қатысушы стоматологтар конференция тақырыбы бойынша мәселелерді талқылады, ал бірнеше дәрігер ЕКАС мерейтойлық марапаттары мен дипломдарымен марапатталды.