
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті «Қазақстан Республикасының фармацевтикалық қызметті қолдау және дамыту қауымдастығы» нысанындағы ЗТБ-мен, «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасы, және «Қазақтелеком» АҚ таңбалау мен қадағалаудың бірыңғай операторымен бірлесіп Алматы қаласының фармацевтикалық нарығының өкілдерімен офлайн форматта және республиканың фармацевтикалық нарығының өкілдерімен онлайн режимінде кеңесі өтті.
Кеңеске Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің төрағасының м.а. – Кенжеханова Алмагүл Жұмаханқызы, «Қазақтелеком» АҚ «Цифрлық экономиканы дамыту орталығы» ЖШС Бас директоры – Құрманғалиева Бикеш Қайдарқызы, «Қазақстан Республикасының фармацевтикалық қызметті қолдау және дамыту қауымдастығы» нысанындағы ЗТБ президенті – Дурманова Марина Ивановна, Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Алматы қаласы бойынша департаменті басшысының орынбасары –Мұхамедияров Мұрат Елжасұлы қатысты.
«Қазақтелеком» АҚ Бірыңғай таңбалау және қадағалау операторы «Дәрілік заттарды таңбалау және қадағалау жүйесіндегі жұмыс» тақырыбында вебинар өткізді. Республикада дәрілік заттарды таңбалау мен қадағалауға байланысты проблемалық мәселелер талқыланды.
«Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды көтерме және бөлшек саудада өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 17 қыркүйектегі № ҚР ДСМ-104/2020 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2024 жылғы 8 қазандағы № 80 бұйрығы бойынша ақпарат жеткізілді.