
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Астана қаласы бойынша департаментінде (бұдан әрі-Департамент) "Ашық есік күні" іс-шарасы өтті.
Клиникалық практикаға жіберу үшін маман сертификатын, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар айналысы саласындағы маман сертификатын және медициналық қызметке лицензия алуға байланысты мемлекеттік қызметтерге басты назар аударылды.
Қатысушылар біліктілік деңгейін бере отырып, маман сертификатын алу бойынша жаңа мемлекеттік қызметі туралы белсенді сұрақтар қойды.
Департамент қызметкерлері "Денсаулық сақтау қызметкерлерінің үздіксіз кәсіптік даму нәтижелерін растау, біліктілік деңгейін беру және растау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 20 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-283/2020 бұйрығы бойынша түсініктемелер берді.
Іс-шараға 70-тен астам адам қатысты, бұл азаматтар мен мамандардың осы саладағы қызметтерге деген үлкен қызығушылығын көрсетеді.