Медициналық қызмет көрсетудегі мемлекеттік бақылау

Медициналық қызмет көрсетудегі мемлекеттік бақылау

Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексіне және «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті және оның аумақтық департаменттері медициналық қызметтерді жүзеге асыратын ұйымдға қатысты медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады.

Медициналық қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттік бақылау медициналық қызметтер көрсету саласындағы ҚР заңнамасын бұзушылықтардың алдын алуға, анықтауға, жолын кесуге, сондай-ақ денсаулық сақтау субъектілерінің денсаулық сақтау саласындағы нормативтік құқықтық актілердің сақталуын бақылауға бағытталған.

 Мемлекеттік бақылау медициналық қызметтердің сапасына сараптама арқылы жүргізіледі.

Мемлекеттік бақылау нысандарының бірі жоспардан тыс тексеру болып табылады, ол Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік Кодексінің 144-бабының 5-тармағында көзделген негіздерде, оның ішінде жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзушылықтар бойынша өтініштері негізінде, дәлелді негіздер мен растайтын дәлелдер болған кезде жүргізіледі.

Сондай-ақ, жоспардан тыс тексеруді жүргізуге негіз болуы мүмкін:

- прокуратура органдарының нақты келтірілген фактілер бойынша не адамның өміріне, денсаулығына зиян келтіру қаупі туралы тапсырмалары,

- адамның өміріне, денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің құқықтары мен заңды мүдделеріне зиян келтірудің, сондай-ақ жойылмауы адамның өмірі мен денсаулығына зиян келтіруге алып келетін Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзушылықтардың нақты фактілері бойынша мемлекеттік органдардың жолданымдары;

 - қылмыстық қудалау органының Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінде көзделген негіздер бойынша тапсырмасы;

Жоспардан тыс тексеру қорытындылары бойынша қызметтің осы түріне сертификаты және (немесе) лицензиясы жоқ адам заңсыз медициналық қызметті анықтаған жағдайда әкімшілік қызмет қабылданады. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 424 – бабына сәйкес қызметтің осы түріне сертификаты және (немесе) лицензиясы жоқ адамның заңсыз медициналық және (немесе) фармацевтикалық қызметпен айналысуы 5 АЕК – тен 70 АЕК-ке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.

Әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін, егер осы әрекет бір жыл ішінде қайта жасалса, онда жеке тұлғаларға денсаулық сақтау саласындағы маман сертификатынан айыра отырып, 30 АЕК мөлшерінде, лауазымды адамдарға, субъектілерге әкімшілік құқық бұзушылық жасау салдарынан алынған кірістер тәркіленіп, 65 АЕК-тен 700 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады.

Орташа және ауыр дәрежедегі денсаулыққа зиян келтіргені үшін қылмыстық жауапкершілік көзделген.