Фармацевтика саласындағы ынтымақтастық: Қазақстан мен Өзбекстан VI Консультативтік кездесуде негізгі мәселелерді талқылады

Фармацевтика саласындағы ынтымақтастық: Қазақстан мен Өзбекстан VI Консультативтік кездесуде негізгі мәселелерді талқылады

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті Фармацевтикалық және медициналық өнеркәсіпті дамыту департаментінің және Комитеттің дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығының қатысуымен 2024 жылғы 9 тамызда Орталық Азия мемлекеттері басшыларының VI Консультативтік кездесуі шеңберінде Өзбекстан Республикасының фармацевтика саласын дамыту агенттігімен кездесу өткізді.

Кездесуде бірқатар мәселелер, соның ішінде Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасындағы фармацевтика саласының жалпы жағдайы талқыланды. Халық үшін дәрілік заттардың қолжетімділігі мен сапасын қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Кездесу кезінде мынадай мәселелер қаралды: GMP тану, Қазақстан Республикасында дәрілік заттарды таңбалау, мемлекеттік қолдау шаралары және жақын болашақтағы жұмыстың басым бағыттары айқындалды.

Қатысушылар денсаулық сақтау және фармацевтика саласындағы ортақ мақсаттарға қол жеткізу үшін мемлекеттер арасындағы диалогты жалғастырудың маңыздылығын атап өтті.