ДӘРІ-ДӘРМЕКТІҢ ҚЫМБАТТАУЫНА ҚАЙДА ЖӘНЕ ҚАЛАЙ ЩАҒЫМДАНУҒА БОЛАДЫ

ДӘРІ-ДӘРМЕКТІҢ ҚЫМБАТТАУЫНА ҚАЙДА ЖӘНЕ ҚАЛАЙ ЩАҒЫМДАНУҒА БОЛАДЫ

Бүгінгі күні Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 7 тамыздағы № 465 бұйрығымен дәрілік заттардың 6,8 мыңнан астам сауда атауларына көтерме және бөлшек саудада өткізудің шекті бағалар бекітілді.

ҚР "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексінің 426-бабына сәйкес бекітілген шекті бағадан жоғары дәрілік заттарды өткізілгені үшін жауапкершілік көзделген.

Дәрілік заттарға белгіленген шекті бөлшек сауда бағасынан асып кету фактілері анықталған жағдайда, әрбір азамат DariKZ мобильді қосымшасының көмегімен шағым жібере алады.

Бұл үшін жеткілікті:

  1. "Дәрі-дәрмектер" бөлімінде қажетті препаратты тауып, "бағаға шағым беру" батырмасын басыңыз
  2. Бірнеше міндетті өрістерді толтырып, өтініш жіберіңіз.

Ол автоматты түрде Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің аумақтық департаменттеріне жіберіледі.

Белгіленген шекті бағадан жоғары сату фактілері расталған кезде,
2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V ҚРЗ «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі 426 бабының 1 тармағына сәйкес келесі айыппұлдар көзделген:

жеке тұлғаларға – 70 АЕК,

лауазымды адамдарға – 100 АЕК,

шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – 130 АЕК,

орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 200 АЕК,

ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – 1000 АЕК.