2024 ЖЫЛДЫҢ БІРІНШІ ЖАРТЫСЫ БОЙЫНША ЗАҢНАМАНЫ САҚТАУ, СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ ЖӘНЕ ӘДЕП КОДЕКСІ БОЙЫНША ҚЫЗМЕТТІҢ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ ШЫҒАРЫЛДЫ

2024 ЖЫЛДЫҢ БІРІНШІ ЖАРТЫСЫ БОЙЫНША ЗАҢНАМАНЫ САҚТАУ, СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ ЖӘНЕ ӘДЕП КОДЕКСІ БОЙЫНША ҚЫЗМЕТТІҢ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ ШЫҒАРЫЛДЫ

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің (бұдан әрі – Комитет) әдеп жөніндегі уәкілі Әлия Жамбаева Комитеттің аумақтық бөлімшелерімен  2024 жылдың 1 жартыжылдығына мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнаманы және Әдеп кодексін сақтау жөніндегі қызмет нәтижелері бойынша кездесу өткізді. Отырыс барысында Комитеттің және оның 5 аумақтық бөлімшелерінің әдеп жөніндегі уәкілдері сөз сөйледі:

 - Комитеттің Медициналық қызметті профилактикалық бақылау департаментінің басшысы Әлия Жамбаева;

- Комитеттің Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы Дәулет Тағыбаев;

- Комитеттің Алматы облысы бойынша департаментінің басшысы Айдын Нұғманов;

Комитеттің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы Дастан Ермаханов;

- Комитеттің Жетісу облысы бойынша департаментінің басшысы Дәлида Зәуренбекова;

Комитеттің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы Абай Оспанов.

А.Жамбаева өз баяндамасында Комитеттің аумақтық бөлімшелерінің интернет-ресурстарында адал, лайықты мемлекеттік қызметшілердің мысалдарын кеңінен көрсету арқылы мемлекеттік қызметтің оң имиджін нығайту қажеттігін атап өтті. Комитеттің Әдеп жөніндегі уәкілі мемлекеттік қызметшілерді ойын орындарына барудан бас тартуға бағытталған жұмысты жалғастыруды, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілер арасында құмар ойындардың зияны туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізуді ұсынды.Сондай-ақ өз сөзінің соңында А.Жамбаева медициналық қызметтер көрсету (көмек көрсету), дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналымы салаларында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау және жою бойынша жұмыстарды тұрақты негізде жүргізуді айтты.