КЛИНИКАЛЫҚ ПРАКТИКАҒА ЖІБЕРУ ЖӘНЕ МАМАНДАРДЫ СЕРТИФИКАТТАУ ҚАҒИДАЛАРЫ БОЙЫНША АҚПАРАТ

КЛИНИКАЛЫҚ ПРАКТИКАҒА ЖІБЕРУ ЖӘНЕ МАМАНДАРДЫ СЕРТИФИКАТТАУ ҚАҒИДАЛАРЫ БОЙЫНША АҚПАРАТ

2024 жылғы 20 маусымында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің № 23 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік 60 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Денсаулық сақтау саласындағы маманды сертификаттауды жүргізілуіне, шетелдік мамандарды қоса алғанда, денсаулық сақтау саласындағы маман сертификатының қолданылуын растау қағидаларына, Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде денсаулық сақтау саласында Медициналық (немесе) фармацевтикалық білім алған адамның денсаулық сақтау саласындағы маманды сертификаттауға жіберу шарттарына (денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № ҚР-ДСМ-274/2020 бұйрығы) өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

Бұйрық "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2024 жылғы 19 сәуірдегі №74 Заңын іске асыру мақсатында әзірленді. Бұйрықта клиникалық практикаға жіберуй/ мамандандыру бойынша мамандарды сертификаттау шеңберінде біліктілік деңгейлерін беру жөніндегі нормалар көзделеді. Қолдау және оларды қорғау шеңберіндегі құзыреттілікті ескере отырып, медицина қызметкерінің әлеуметтік пакетін жақсартуға бағытталған инновация.

Біліктіліктің жаңа деңгейін алу үшін медицина қызметкері келесі кезеңдерден өтеді:

 1) үздіксіз кәсіби даму іс-шаралары- қосымша, бейресми білім беру және қосымша құзыреттер. Медицина қызметкерінің үздіксіз дамуын медицина қызметкері жұмыс істейтін ұйымының басшысы растайды.

2) білім мен дағдыларды бағалау жөніндегі аккредиттелген ұйымнан – "ұлттық тәуелсіз емтихан орталығы" РҚБ қорытынды алу. Емтихан орталығының қорытындысын алу үшін медицина қызметкері 2 кезеңнен өтеді: - тестілеу-білім мен дағдыларды теориялық бағалау, ситуациялық есептерді шешу;

- үздіксіз кәсіби даму жөніндегі іс-шараны растайтын құжаттардың сараптамасы. Сараптаманы 3 сарапшы жүргізеді.

3) құжаттармен бірге өтінімді "e-license" порталы арқылы сертификаттау шеңберінде ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің аумақтық департаментіне жолдау. Сертификаттау шеңберінде біліктілік деңгейлерін маман сертификатына алғаш рет үміткер медицина қызметкерлері алады: түлектер- біліктіліктің бастапқы деңгейін және жаңа деңгейге үміткер мамандарды алады.

Қолда бар маман сертификатын және біліктілік деңгейін растау әр 5 жыл сайын жүргізіледі. Өз деңгейін растау кезінде маманға тек үздіксіз кәсіби даму қажет (тестілеу қарастырылмаған).

Ағымдағы жылдың қыркүйек айында Комитет "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ-мен бірлесіп, "e-license" порталын модификациялау жоспарланған, көрсетілетін қызметті алушылардың (медицина қызметкерлерінің) өтінімдерін көрсетілетін қызметті берушілер арасында кездейсоқ бөлу бөлігінде және өтінім мен маман сертификаты нысанында саланың біліктілік шеңберіне сәйкес біліктілік деңгейі бойынша жазу көзделеді.