
Ағымдағы жылдың 11 шілдесінде дәрі-дәрмек бағасының қымбаттауы жайында сұхбат жазылды.
2024 жылы дәрiлiк заттардың бағасы 2023 жылмен салыстырған орта есеппен 12%-ға өскенін көрсеттi, бiрақ белгiленген шектi бағадан аспайды. Негізінен антипиретикалық, вирусқа қарсы, антибиотиктер мен антикоагулянттар бағасының өсуі байқалады.
Еске сала кетейік, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 426 бабына сәйкес дәрі-дәрмекті бекітілген шекті бағадан асыра сатқаны үшін жауапкершілік көзделген.
Сонымен қатар, шекті бағадан асыра сату фактісі анықталған жағдайда, Медициналық және фармацевтикалық бақылау Комитетінің аумақтық департаменттеріне дәлелді құжаттармен DariKZ мобильді қосымшасы арқылы өтініш қалдыруға болады.