ЕЛОРДАДА PQM+ ЖОБАСЫНЫҢ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

ЕЛОРДАДА PQM+ ЖОБАСЫНЫҢ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Астанада PQM+ бағдарламасының өкілдерімен отандық фармацевтикалық өнеркәсіпті дамыту мәселелері бойынша кезекті кездесу өтті.

Кездесуге ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті төрағасының орынбасары Алмагүл Кенжеханова, Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығының бас директоры Еркен Дәуітбаев, сондай-ақ қазақстандық реттеуші органның басқа да қызметкерлері қатысты.

PQM+ атынан денсаулық сақтау элементтері жөніндегі директор Арчил Салакая және техникалық кеңесші Дидар Нұрғожина қатысты.

Кездесу «Азиядағы фармацевтикалық жеткізілім тізбегін әртараптандыру» бағдарламасына ену мәселелеріне арналды.

Тараптар қоғамдық денсаулық сақтаудың өңірлік мақсаттарына сәйкес жергілікті деңгейде өндірілуі мүмкін ел үшін басым белсенді фармацевтикалық субстанцияларды айқындау үшін талдау жүргізуде техникалық қолдау көрсету мүмкіндігін талқылады.

Сонымен қатар, жергілікті өндірушілер мен реттеуші органды оқыту мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Кездесу барысында фармацевтика өнеркәсібін дамытудың 2025-2030 жылдарға арналған стратегиялық жоспарын әзірлеу және PIC/s өтінім беру мәселелері талқыланды.

Кеңес соңында тараптар бірқатар шешімдер қабылдады және бір-бірін одан әрі бірлескен жұмыста сендірді.

 

Анықтама:

 PIC/s - Pharmaceutical Inspection Co – operation Scheme - фармацевтикалық инспекциялардың ынтымақтастық схемасы.

PIC/s тиісті өндірістік (GMP) және дистрибьюторлық (GDP) тәжірибелердің сақталуын бақылау саласындағы ұлттық инспекциялық қызметтерді біріктіреді.

 «Дәрілік заттардың сапасын ілгерілету» бағдарламасы (PQM+) — бұл АҚШ-тың халықаралық даму агенттігі (USAID) мен АҚШ фармакопеялық конвенциясы (USP) арасындағы табысы төмен және орташа елдерде медициналық өнімнің сапасын қамтамасыз ету жүйелерін тұрақты нығайту мақсатында ынтымақтастық туралы алты жылдық келісім.