НҰРЛАН ЫСҚАҚОВ ДӘРІЛІК ЗАТТАР МЕН МЕДИЦИНАЛЫҚ БҰЙЫМДАРДЫ САРАПТАУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ СЫНАҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІМЕН ТАНЫСТЫ

НҰРЛАН ЫСҚАҚОВ ДӘРІЛІК ЗАТТАР МЕН МЕДИЦИНАЛЫҚ БҰЙЫМДАРДЫ САРАПТАУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ СЫНАҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІМЕН ТАНЫСТЫ

Бүгін Алматы қаласына жұмыс сапары аясында ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің төрағасы Нұрлан Ысқақов Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығының аумақтық филиалының зертханаларымен сынақ орталығына барды.

Сапар барысында төрағаны орталықтың негізгі қызметімен және Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) қайта квалификациялауы шеңберінде өткен аудиттің алдын ала нәтижелерімен таныстырды.

ДДСҰ қайта квалификациялауы – бұл зертхананың дәрілік заттар сапасын бағалауқабілетін растайтын халықаралық сапаны қамтамасыз ету жүйесі.

ДДСҰ сынақ орталығындағы қайта квалификациялауы ағымдағы жылдың 13-16 ақпаны аралығында өтті.

Аудит барысында инспекциялық комиссияның басшысы Ивета Стрейпа сынақ орталығы ДДСҰ GMP саласындағы стандарттары мен қағидаттарына сәйкес жұмыс істейтінін атап өтті, сондай-ақ инспекцияның ешқандай ескертусіз өткенін қорытындылады.

Таяудағы уақытта инспекция нәтижелері бойынша есеп қорытынды танысып шығу үшін ДДСҰ кеңсесіне жолданады, одан кейін құжатСынақ орталығына жіберіледі, содан кейін барыптабысты қайта квалификация туралы қорытынды растау хаты келеді. Сынақ орталығының ДДСҰқайта квалификациялаған зертханалардың ресми тізіміне қосылуы түпкі мәре болып саналады.