
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Әдеп жөніндегі уәкілі Зина Байгаскина 2023 жылғы мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнаманы және Әдеп кодексін сақтау жөніндегі қызмет қорытындылары бойынша Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті мен оның аумақтық департаменттерінің өкілдерімен кеңес өткізді.
Кеңес барысында комитеттің Әдеп жөніндегі уәкілі, медициналық қызметті профилактикалық бақылау басқармасының басшысы Әлия Жамбаева сөз сөйледі.
Ә. Жамбаева өз баяндамасында комитет медициналық қызметтер көрсету, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар айналымы салаларында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау және жою, ұжымда қолайлы моральдық-психологиялық ахуал жасау бойынша тұрақты негізде жұмыс жүргізіп жатқанын атап өтті
Бұдан басқа, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және Әдеп жөніндегі уәкілдердің қызметі жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілді.
«Бекітілген жоспарларға сәйкес іс-шараларды орындау шеңберінде денсаулық сақтау субъектілерін тексеруге шықпас бұрын жетекшілік ететін орынбасарлар мен басқарма басшылары қызметкерлерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы және Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің талаптарын қатаң сақтау туралы нұсқама береді.
Комитет қызметшілерінің арасында өкілеттіктерді жеке, топтық және өзге де қызметтік емес мүдделерде пайдалануға әкеп соғуы мүмкін іс-әрекеттердің жасалуына жол бермеуге бағытталған профилактикалық жұмыс тұрақты негізде жүргізіледі. Комитеттің барлық қызметшілері сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулермен қол қою арқылы танысты», - деді Әлия Жамбаева.
Сонымен қатар, Комитеттің Әдеп жөніндегі уәкілі әдеп нормаларын бұзғаны және мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтар жасағаны үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылған мемлекеттік қызметшілерге тұрақты негізде талдау жүргізіліп жатқанын хабарлады.
Өз сөзінің соңында Ә. Жамбаева сондай-ақ аумақтық департаменттерге барып сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу және жүргізілген профилактикалық жұмыстар туралы айтып берді.