
Тиісті фармацевтикалық тәжірибелердің сәйкестік сертификатының болуы тұтынушыларға өнімнің сапасына көз жеткізуге мүмкіндік береді. Қазақстанда тиісті өндірістік практикаға сәйкестік сертификаты Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетімен беріледі. Рәсім Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 27 қаңтардағы № ҚР ДСМ-9 «Тиісті фармацевтикалық практикалар жөніндегі фармацевтикалық инспекциялар жүргізу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығымен реттеледі.
2023 жылы Комитет инспекциялар жүргізді:
GMP-16 өткізілді, оның ішінде 6 жоспардан тыс, 9 сертификат берілді, 1 бас тартылды, 3 қайтарылды;
GDP-33 өткізілді, оның ішінде сертификаттар берілді – 22, қайта ресімделді-4, бас тарту-8, GDP – 3 сертификатын ұстаушының өтінімі бойынша, жоспардан тыс нәтижелер бойынша кері қайтарылды
инспекция-1;
GCP-8 инспекция жүргізілді, қорытынды берілді-3, бас тартылды-5;
GLP-өткізілді-2 инспекция, берілді-2;
GPP-613 өткізілді, оның ішінде сертификаттар берілді – 527, бас тартылды – 86.
Өткен жылы фарминспекторлар 670 отандық және 64 шетелдік фармацевтикалық қызмет нысандарында болды.