2023 ЖЫЛЫ ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ ЖӘНЕ МЕДИЦИНАЛЫҚ ӨНЕРКӘСІПТІ ДАМЫТУ БОЙЫНША АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАРДЫҢ НӘТИЖЕЛЕРІ ТУРАЛЫ

2023 ЖЫЛЫ ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ ЖӘНЕ МЕДИЦИНАЛЫҚ ӨНЕРКӘСІПТІ ДАМЫТУ БОЙЫНША АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАРДЫҢ НӘТИЖЕЛЕРІ ТУРАЛЫ

Фармацевтикалық және медициналық өнеркәсіпті дамыту денсаулық сақтау саласындағы маңызды және өзекті бағыт болып табылады. Бұл экономиканы дамытуға, сондай-ақ ел халқын сапалы, қауіпсіз және тиімді дәрі-дәрмектермен және медициналық бұйымдармен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Сондықтан Мемлекет басшысы отандық өндірістің үлесін Қазақстанның фармацевтикалық нарығында 50% - ға дейін жеткізу міндетін қойды.

Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың отандық өндірісін дамыту, оның ішінде инвестициялық жобаларды мемлекеттік қолдау және фармацевтикалық және медициналық өнімнің экспорттық әлеуетін дамыту ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің функционалы болып табылады.

Биыл бұл бағытта манызды жұмыстар атқарылды.

 Еліміздің түрлі өңірлерінде бірқатар фармацевтикалық және медициналық өндірістер іске қосылды.

Алматы облысында Оңтүстік Кореяның «SGP» компаниясымен бірлесіп, Оңтүстік Корея технологиясы бойынша шприцтер өндіру жобасы іске асырылды.

Алматы облысында медициналық бұйымдар өндірісі іске қосылды.

Алматыда отандық компания базасында Оңтүстік Кореялық «Samsung Madison» компаниясының жоғары және сараптамалық класты ультрадыбыстық стационарлық диагностикалық жүйелерін шығару жолға қойылған.

Маңғыстау облысында есту аппараттарының өндірісі басталды.

Солтүстік Қазақстан облысында 2023 жылдан бастап сәулелендіргіштер мен бактерицидтік ауа рециркуляторлары өндіріледі.

Шымкентте сүзгіш жартылай маскалар өндірісі іске қосылды.

Қарағанды облысында клапаны бар KN95 медициналық респиратор маскаларын өндіру желісі толығымен дайындалған.

Жамбыл облысында ағымдағы жылдан бастап бір реттік стерильді шприцтер шығарылады.

Сондай-ақ, 2023 жылы BIG PHARMA компаниялары белсенді түрде тартылды. Ағымдағы жылы «Превенар-20» пневмококкты вакцинаны оқшаулау жобасы бойынша «Pfizer» компаниясымен ұзақ мерзімді жеткізу шарты жасалды.

Онкологиялық ауруларды емдеуге арналған инновациялық дәрілік заттарды оқшаулау жобасы бойынша «Roche» компаниясымен ұзақ мерзімді жеткізу шарты жасалды.

Онкологияға, жүрек-қан тамырлары ауруларына және метаболикалық бұзылуларға, тыныс алу және аутоиммунды ауруларға, сондай-ақ қабыну процестеріне қарсы бірегей дәрілік заттардың «AstraZeneca» компаниясының келісімшарттық өндірісін құру жөніндегі жол картасына қол қойылды.

2023 жылғы 26 қазанда «Global Pharm» III Халықаралық фармацевтикалық форумы шеңберінде Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі мен «Джонсон&Джонсон» ЖШҚ арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.

Елдің фармацевтикалық және медициналық өнеркәсібін дамыту жөніндегі жұмысты қорытындылай келе, бұл республиканың фармацевтикалық нарығындағы отандық өндірістің үлесін ұлғайту үшін берік іргетас болады деп сеніммен айтуға болады.