
2023 жылдың соңғы аптасы да келді. Жаңа жылға кіріспес бұрын, біз дәстүрлі түрде өткен жылды қорытындылаймыз. Бүгін біз сіздерді фармацевтикалық қызмет саласындағы мемлекеттік қызметтермен толығырақ таныстырғымыз келеді.
Фармацевтикалық қызмет саласындағы мемлекеттік қызметтерді Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті де, оның аумақтық департаменттері де көрсетеді. Мемлекеттік қызметке нақты қайда жүгіну керектігін білу үшін төмендегі тізімді мұқият қарап шығыңыз.
Комитет 11 ай ішінде келесі қызметтерді көрсетті:
- Қазақстан Республикасында тіркелген және тіркелмеген дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды әкелуге келісім және (немесе) қорытынды (рұқсат беру құжаты) беру - 1 379 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде 669 оң шешіммен берілді, 710 бас тартылды;
- Фармакологиялық және дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды клиникалық зерттеу және (немесе) сынау жүргізуге рұқсат беру - 19 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде 13 оң шешіммен берілді, 6 бас тартылды;
- Дәрілік затты немесе медициналық бұйымды мемлекеттік тіркеу, қайта тіркеу, дәрілік затты немесе медициналық бұйымды тіркеу деректеріне өзгерістер енгізу - 9 773 Мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде 8 460 оң шешіммен берілді, 1 313 бас тартылды;
- Фармацевтикалық өнімге сертификат беру - 21 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның 10-ы оң шешіммен берілді, 11-і бас тартылды;
- Тиісті фармацевтикалық практикалардың сәйкестігіне сертификаттар беру - 7 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде 6 оң шешіммен берілді, 1 бас тартылды.
Комитеттің аумақтық департаменттері 11 айда келесі қызметтерді көрсетті:
– Қазақстан Республикасында тіркелген және тіркелмеген дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды әкетуге келісу және (немесе) қорытынды (рұқсат беру құжаты) беру-686 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде 655 оң шешіммен берілді, 31 бас тартылды.
- Фармацевтикалық қызметке лицензия беру- 3 212 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде 1 983 оң шешіммен берілді, 1 229 бас тартылды;
- Денсаулық сақтау саласындағы есірткі, психотроптық заттар және прекурсорлар айналымы саласындағы қызметті жүзеге асыруға лицензия беру - 810 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде 569 оң шешіммен берілді, 241 бас тартылды;
- Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар айналысы саласындағы маман сертификатын беру - 8 789 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде 6 798 оң шешіммен берілді, 1 991 бас тартылды.
Естеріңізге сала кетейік, Комитеттің сайтында мемлекеттік қызметтерді алудың қадамдық нұсқаулығын түсіндіретін материалдар орналастырылған. «Іздеу» бөлімінде Сіз өзіңізді қызықтыратын қызметті таба аласыз немесе «мемлекеттік қызметтер» бөлімінде таныса аласыз.