
ЕЭК Кеңесі «Медициналық қолдануға арналған дәрілік заттарды тіркеу және сараптау қағидаларына өзгерістер енгізу туралы» Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2023 жылғы 20 қазандағы № 114 Шешіміне өзгерістер енгізді. Бұған дейін өзгерістер 2024 жылдың 1 мамырынан бастап күшіне енгізуліге жоспарланған. Қабылданған өзгерісімен ЕЭК Кеңесі өзгерістердің күшіне ену мерзімін 2023 жылғы 20 желтоқсаннан бастап ауыстыру туралы шешім қабылдады.
Құжаттың өзі дәрілік препараттардың тіркеу құжаттамасын ЕАЭО талаптарына сәйкес келтіру рәсімдерін жеңілдетеді. Референтті мемлекетте 5 жылдан астам уақыт тіркелген сәйкестендіру рәсімі шеңберінде дәрі-дәрмектерді мерзімсіз тіркеу куәліктерін беру қағидалары өзгертілді. Сондай-ақ, тіркеу құжаттамасына сәйкестендіру рәсімімен бір мезгілде өзгерістер енгізу мүмкіндігі пайда болады.
Өзгерістер ЕАЭО нарығында айналымда бар дәрілік заттарға да әсер етеді. Шешіммен басқа бақылау рәсімдерінде көрсетілген құжаттар болған кезде сәйкестендіру және тіркеу рәсімі шеңберінде тіркеу дерекнамасының құрамында ұсынылатын құжаттардың көлеміне қойылатын талаптар нақтыланды.
Құжатпен сілтеме бойынша танысуға болады: https://clck.ru/36wS4d