
ҚР Парламенті Мәжілісінің, орталық мемлекеттік органдардың және бизнес-қоғамдастықтың өкілдері дөңгелек үстелде кездесіп, күн тәртібіндегі тұрған проблемалық мәселелерді бірлесіп талқылады.
Кездесуге ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті төрағасының орынбасарының м.а. Кенжебек Төлешов қатысты.
2024 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасының Салық кодексіне қабылданған түзетулерге сәйкес дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар өндірісінде қолданылатын этил спиртіне акцизді төлеуден босату жөніндегі норма алып тасталады. Комитет салалық қауымдастықтармен және фармацевтикалық өнім өндірушілермен бірлесіп осы норманы сақтауға бағытталған жұмыс жүргізуде. К.Төлешов Қазақстан Республикасы Қаржы және Ұлттық экономика министрліктері өкілдерінің қатысуымен кездесулер мен кеңестер өткізіліп жатқанын атап өтті.
Сондай-ақ, кәсіпкерлермен GPP сертификатына қатысты мәселелер талқыланды. Бүгінгі күні Комитет сертификат алу рәсімін оңайлату бойынша жұмыс жүргізді, оның қолданылу мерзімі ұзартылды және дәріханалардың бөлшек сауда желілері арқылы амбулаториялық дәрілік қамтамасыз ету шеңберінде пациенттерді дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге қатысты мәселе пысықталуда. Комитет төрағасының орынбасарының м.а. сертификат алу тетіктері туралы түсіндірді.
Дөңгелек үстел барысында Кенжебек Төлешов бизнес-қоғамдастықты толғандыратын сұрақтарға жауап берді.