
Бүгін «GLOBAL HEALTH» халықаралық конгресі өтті. Іс-шараға ҚР Парламентінің, Денсаулық сақтау министрлігінің және оның ведомстволық бағынысты ұйымдарының, Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің, медициналық университеттердің, Еуропалық Қоғамдық денсаулық сақтау комиссиясының және ДДСҰ-ның медициналық көмектің сапасы мен пациенттердің қауіпсіздігі жөніндегі Афины кеңсесінің өкілдері қатысты.
Қатысушылар медициналық көмектің сапасы мен пациенттердің қауіпсіздігі мәселелерін талқылады. Іс-шарада Комитеттің медициналық қызметті талдау және мониторинг басқармасының басшысы Бағжан Мұхаметбек баяндама жасады.
Б. Мұхаметбек денсаулық сақтаудағы сапаны басқару жүйесі адамның денсаулығын сақтау және нығайту қажеттіліктерін, медициналық көмекпен қамтамасыз етудің қолжетімділігін, денсаулық сақтау жүйесінің барлық мамандары мен медициналық ұйымдарының сапаны үздіксіз арттыру жөніндегі жұмысқа қатысуын, мамандардың жұмысты жақсартудың аса маңызды мәселелері бойынша келісімге қол жеткізуге өзара ұмтылысын қамтитын сапаны үздіксіз жақсарту қағидаттарына негізделуге тиіс екенін атап өтті.
Сондай-ақ, Комитет өкілі қатысушыларды мемлекеттік орган атқарып жатқан жұмыстармен таныстырды. Атап айтқанда, медициналық қызмет көрсету сапасы саласындағы тәуекелді бағалау критерийлері мен тексеру парақтары қайта қаралды. Медициналық қызмет көрсету сапасы саласындағы тәуекелді бағалаудың 451 өлшемшарты бар 16 тексеру парағын, оның ішінде біліктілік талаптарына сәйкестігін тексеру үшін 6 өлшемшартты және объектіге барумен профилактикалық бақылау үшін 445 өлшемшартты қамтитын бұйрық бекітілді.
Комитет С. Қайырбекова атындағы Ұлттық ғылыми денсаулық сақтауды дамытудың орталығымен, Ұлттық ғылыми медициналық орталықпен, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорымен және Денсаулық сақтаудағы сапа бойынша аккредиттеу орталығымен бірлесіп медициналық қызметтердің сапасын басқару тетіктері бойынша 2227 медициналық ұйымның қызметкерлерін оқытты.
Бүгінгі таңда ҚР ЦДИАӨМ Цифрлық үкіметті қолдау орталығының өкілдерімен бірлесіп медициналық қызметтер көрсету саласында мемлекеттік бақылау жүйесін автоматтандыру бойынша жұмыс жүргізілуде, бұл адамның қатысуынсыз біліктілік талаптарына сәйкестігіне тексерулер жүргізуді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Жалпы, медициналық көмектің сапасын басқару тетіктерінің мәселелерін Комитет өңірлердің денсаулық сақтау басқармаларымен бірлесіп тұрақты негізде қарайды.