ДӘРІЛІК ЗАТТАРДЫҢ ШЕКТІ БАҒАСЫНАН АСЫП КЕТУІНЕ ҚАЛАЙ ШАҒЫМ БЕРУГЕ БОЛАДЫ?

ДӘРІЛІК ЗАТТАРДЫҢ ШЕКТІ БАҒАСЫНАН АСЫП КЕТУІНЕ ҚАЛАЙ ШАҒЫМ БЕРУГЕ БОЛАДЫ?

Дәрі-дәрмектер, кез-келген өнім сияқты, сізге жеткенге дейін белгілі бір процесстерден өтеді. Оның соңғы құны осы факторларға байланысты.

Қазақстанда дәрі-дәрмек бағасы мемлекеттік реттеуге жатады. Бұған шекті бағаны белгілеу арқылы қол жеткізіледі. Яғни, дәріханаларға шекті бағадан асуға тыйым салынады. Бұл үшін кәсіпкерлер «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР Кодексінің 426-бабына сәйкес айыппұл түрінде жауапқа тартылады. Препараттарды шекті бағадан төмен сатуға болады. Осылайша, бәсекелестік ортада дәріханаларда бір препараттың бағасы әртүрлі болуы мүмкін. Айта кетейік, Қазақстан дәрі-дәрмек бағасын мемлекеттік реттеуі бар әлемдегі санаулы елдерінің бірі.

Жылына екі рет Денсаулық сақтау министрлігі шекті бағаларды бекітеді. Бүгінгі таңда олар 6890 дәрілік затқа орнатылған.

Егер сізге дәріханада дәрі-дәрмектерді шекті бағадан жоғары сатқан жағдайда, шағымды DariKZ мобильді қосымшасы арқылы жаза аласыз. Онда сіз препараттың шекті бағасын таба аласыз. Сондай-ақ, сіз өтінішті онлайн eOtinish азаматтарының барлық өтініштерін қабылдау мен өңдеудің бірыңғай платформасы арқылы немесе орналасқан жері бойынша Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің аумақтық департаментіне жазбаша түрде жаза аласыз. Өтінішке сатып алу туралы чек қоса тіркеу қажет.

Ағымдағы жылдың 10 айында шекті бағадан асып кетудің 9 фактісі анықталды және 1 138 750 теңге сомасына әкімшілік хаттамалар жасалды.