ДДСҰ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ ИНСПЕКЦИЯСЫНЫҢ ДЕҢГЕЙІН ОҢ БАҒАЛАДЫ

ДДСҰ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ ИНСПЕКЦИЯСЫНЫҢ ДЕҢГЕЙІН ОҢ БАҒАЛАДЫ

Ұлттық реттеуші жүйе қазіргі уақытта ДДСҰ-ның 3-ші жетілу деңгейіне жету Бенчмаркингін өтуде. Бағалау тіркеу, фармакологиялық қадағалау, нарықты қадағалау, фармацевтикалық инспекция, клиникалық зерттеулер және т. б. сияқты 8 индикатор бойынша жүзеге асырылады. 

Ағымдағы жылдың мамыр айында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы аудит жүргізді, оның нәтижелері бойынша отандық дәрі–дәрмек өндірушілердің GMP-инспекцияларына бақылау аудиті жоспарланды. 

GMP-ге сәйкес бақылау аудиті — бұл Ұлттық реттеуші органның ұлттық инспекторлары инспекция процесі мен практикасының ұлттық ережелер мен стандарттарға сәйкестігін бағалау үшін жүргізетін реттеуші инспекцияның әдеттегі процесі мен тәжірибесін бақылау қызметі, бұл өз кезегінде ДДCҰ-ның озық тәжірибесіне тең болуы керек.

ДДСҰ өкілдері GMP-инспекцияларының кестесінен 2 қазақстандық өндірушіні таңдады. 13-17 қараша аралығында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының штаб-пәтері сарапшыларының бақылауымен Комитеттің фармацевтикалық инспекторат және интеграциялау басқармасының басшысы Жанар Ордабекова, Комитеттің Жетісу облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары және Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығының инспекторлары Қазақстандағы дәрі-дәрмек өндірушілерде GMP-инспекциясы жүргізілді.

Жүргізілген инспекциялардың қорытындысы бойынша ДДСҰ фармацевтикалық инспекцияларды жүргізудің тиісті деңгейін және инспекторлардың жеткілікті құзыретін атап өтті, және ұсыныстарды  берді. Бұл бағыттағы жұмыс белсенді түрде жалғасатын болады.