АСТАНАДА РЕСЕЙ МЕН ТМД ЕЛДЕРІНДЕГІ GE HEALTHCARE КОМПАНИЯСЫНЫҢ БАСШЫЛЫҒЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

АСТАНАДА РЕСЕЙ МЕН ТМД ЕЛДЕРІНДЕГІ GE HEALTHCARE КОМПАНИЯСЫНЫҢ БАСШЫЛЫҒЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

14 қарашада Астана медицина университетінде дәрігерлерді клиникалық оқытуға арналған Қазақстандағы алғашқы «GE HealthCare Academy» оқу орталығының ашылуы аясында ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Ресей мен ТМД-дағы GE Healthcare компаниясының топ-менеджерлерімен кездесті.

Кездесуде Ресей мен ТМД-дағы GE HealthCare компаниясының атынан Президент және бас атқарушы директор Елена Легезина мен Орталық Азия бойынша өңірлік директор Дмитрий Занчев қатысты.

Кездесу барысында медициналық бейнелердің ұлттық мұрағатын құру, Қазақстанда медициналық техника өндірісін оқшаулау бойынша одан әрі ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

Талқылауға ҚР Денсаулық сақтау вице-министрлері Вячеслав Дудник пен Бейбіт Есенбаев, ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің төрағасы Нұрлан Ысқақов, ҚР ДСМ Дәрі-дәрмек саясаты департаменті директорының орынбасары Руслан Адылқанов, «СК-Фармация» ЖШС басқарма төрағасы Ерхат Есқалиев, «KAZAKH INVEST «ҰК» АҚ жобалар жөніндегі басшысы Динара Исабекова қатысты.

Кеңес басында Ажар Ғиният General Elecrtic компаниясына ынтымақтастық пен қызығушылық танытқаны үшін, компанияның жобаларын біздің республикамыздың аумағында енгізу мүмкіндігі тұрғысынан алғысын білдірді.

GE Healthcare компаниясының жобаларына қатысты Денсаулық сақтау министрі инфрақұрылым мәселелеріне, атап айтқанда объектілердің орналасуына, сондай-ақ медициналық техника мен медициналық кадрлармен жарақтандыру мәселелеріне ерекше назар аударды.

Өз кезегінде Комитет төрағасы Нұрлан Ысқақов Министрлік инвестициялық жобаны іске асыру бойынша жол картасы жобасын егжей-тегжейлі пысықтауға кірісуге дайын екенін айтты.

«Алдағы жол картасы жобасының негізгі ережелері қажеттілік, медициналық техника өндірісі бойынша жаңа зауыт салу, сондай - ақ ұзақ мерзімді шарт пен инвестициялар туралы келісім жасасу мәселелері болуы тиіс», - деп атап өтті Нұрлан Ысқақов.

Ұлттық клиникалық суреттер мұрағатын құру жобасын талқылау барысында денсаулық сақтау вице-министрі Бейбіт Есенбаев осы бағыт бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтып берді. Ол сондай-ақ жеке медициналық деректермен өзара іс-қимылды ескере отырып, бұл жобадағы басымдық ақпараттық қауіпсіздік болып табылатынын айтты. Бұл мәселені шешу барлық мүдделі органдармен пысықталады.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар бір-бірін компания жобаларын іске асыру жөніндегі мәселелерді одан әрі талқылауға сендірді.