
Бүгін фармацевтика өнеркәсібін дамыту және сапа менеджменті жүйесін енгізу шеңберінде USAID «Дәрілік заттарды ілгерілету ПЛЮС» (PQM+) бағдарламасының өкілдерімен одан әрі ынтымақтастық мәселелері бойынша кезекті кездесу өтті.
Кеңеске ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің төрағасы Нұрлан Ысқақов, Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығының бас директоры Еркен Дәуітбаев, USAID денсаулық сақтауды басқару жөніндегі аға кеңесшісі Жан-Жак Фрер, Орталық Азиядағы бағдарламаның қызметіне жауапты денсаулық сақтау элементтері жөніндегі Директор Арчил Салакая, сондай-ақ Қазақстан Республикасы реттеуші органдарының және PQM+ бағдарламасының басқа да өкілдері қатысты.
Кездесу барысында Азиялық фармацевтикалық жеткізу тізбегін (DAPSC) әртараптандыру жобасы бойынша мәселе талқыланды.
DAPSC Қазақстан Үкіметіне фармацевтика өнеркәсібін дамытуда PQM+ техникалық көмегінің бір бөлігі болып табылады. Бұл жоба бәсекеге қабілетті өндірісте жергілікті әлеуетті нығайтуға арналған. Басқару жүйесін оңтайландыру, перспективалық технологияларды зерттеу және әзірлеу мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Тараптар сондай-ақ инвестициялар тарту үшін жергілікті фармацевтика өнеркәсібінің іскерлік дайындығы мен коммерциялық өміршеңдігін арттыру мәселелерін талқылады.
Кездесу соңында қатысушылар сындарлы диалог үшін бір-біріне алғыстарын білдіріп, PQM+ бағдарламасы бойынша мәселелерді одан әрі талқылауға дайын екендіктерін білдірді.