
ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният денсаулық сақтау саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыс етті. Мемлекеттік награда – «Ерен еңбегі үшін» медаліне Қарағанды облысы бойынша Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің департамент басшысы Ольга Смирнова ие болды. Бұл медаль экономикадағы, әлеуметтік саладағы, ғылымдағы, мәдениеттегі және мемлекеттік қызметтегі еңбек жетістіктері үшін беріледі.
Ольга Смирнова мемлекеттік қызметте 20 жыл. Еңбек жолын медициналық тергеуші болып бастаған. Мемлекеттік бақылау саласында 2007 жылдан бастап еңбек етіп келеді. Осы уақыт ішінде өңірдің мен елдің денсаулық сақтау саласын дамытуға елеулі үлес қосты.
«Менің жұмысымды ғана емес, сонымен қатар адалдықты да жоғары бағалаудың көрсеткіші болып табылатын марапат үшін үлкен алғысымды білдіргім келеді. Мемлекет тарапынан мұндай сенім мен үшін Қазақстан халқына қызмет етуде одан да көп берілгендік пен жауапкершілікке ынталандыру болып табылады», - деп атап өтті О.Смирнова.
Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің ұжымы Ольга Викторовна Смирнованы жоғары наградасымен құттықтайды. Сіздерге зор денсаулық, мақсаттардың орындалуын тілейміз. Қазақстан халқының игілігі үшін үлгілі қызмет етуді жалғастырыңыз.