Бүгін Денсаулық сақтау министрлігінде Республика күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Жандос Бүркітбаев құттықтау сөз сөйледі. Вице-министр әріптестеріне жылы лебіздерін білдірді.
Іс-шара барысында денсаулық сақтау саласының қызметкерлері марапатталды. Марапатталғандардың арасында Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің қызметкерлері де болды.
«Еңбек ардагері» төсбелгісімен медициналық қызметті профилактикалық бақылау басқармасының басшысы Әлия Жамбаева марапатталды.
«Денсаулық сақтау үздігі» төсбелгісімен фармацевтикалық қызмет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер басқармасының бас сарапшысы Мәншүк Құрманбай марапатталды.
«Құрмет» грамотасымен медициналық қызметті талдау және мониторинг басқармасының бас сарапшысы Аршынай Азамат және медициналық қызметті сертификаттау және лицензиялау басқармасының бас сарапшысы Рано Джилкайдарова марапатталды.
Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті барлық әріптестерін алдағы мерекемен шын жүректен құттықтайды! Сізге зор денсаулық, кәсіби өсу және амандық тілейміз!