
Qazaq radiosy-да ҚР Сенатының депутаты Ақмарал Әлназарова, Денсаулық сақтау министрлігінің өкілі және Комитеттің фармацевтикалық және медициналық өнеркәсіпті дамыту басқармасының сарапшысы Қанатбек Беріковтың қатысуымен эфир өтті.
Қазақстанда фармацевтика өнеркәсібі белсенді дамып келеді. BIGPHARMA арасынан ірі фармацевтикалық компанияларды тарту бойынша жұмыс істелуде.
«Процестің әртүрлі кезеңдерінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды келісімшарттық өндірудің инвестициялық жобалары бойынша BIGPHARMA фармацевтикалық компанияларымен және ірі шетелдік компаниялармен бірнеше ортақ жобалар бар: Roche (Швейцария), PFIZER (АҚШ), AstraZeneca (Ұлыбритания), GE Healthcare (АҚШ) және т. б.», - деп бөлісті Қанатбек Беріков.
Комитет өкілі сондай-ақ аталған жобаларды іске асыру халықтың инновациялық бірегей дәрілік заттар мен озық медициналық техникаға қолжетімділігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретінің атап өтті.
Толық шығарылымға сілтеме:
https://www.youtube.com/live/XyQ7Nzlq7po?si=9zomxrAi6DsXXMx-