ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ МЕН «АСТРАЗЕНЕКА» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БИОФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ КОМПАНИЯСЫ ПРЕПАРАТТАР ӨНДІРІСІН ОҚШАУЛАУ ЖӨНІНДЕГІ ЖОЛ КАРТАСЫНА ҚОЛ ҚОЙДЫ

ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ МЕН «АСТРАЗЕНЕКА» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БИОФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ КОМПАНИЯСЫ ПРЕПАРАТТАР ӨНДІРІСІН ОҚШАУЛАУ ЖӨНІНДЕГІ ЖОЛ КАРТАСЫНА ҚОЛ ҚОЙДЫ

Ағымдағы жылдың 2 қазанында Астанада Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Ұлыбритания Біріккен Корольдігі және Солтүстік Ирландия Еуропа істері министрі Лео Докертимен Денсаулық сақтау саласындағы екіжақты ынтымақтастық мәселелері бойынша кездесті.

Осы іс-шараның негізгі оқиғаларының бірі «АстраЗенека» компаниясымен Қазақстан Республикасының аумағында бірегей дәрілік заттарды келісімшарттық өндіру жобасын іске асыру жөніндегі ұйымдастыру іс-шараларының жоспарына қол қою болды.

Жобаның Жол картасына Мемлекет басшысының ішкі нарықта отандық өндірістегі дәрі-дәрмектердің үлесін 50% - ға дейін жеткізу туралы тапсырмаларын орындау мақсатында қол қойылды.

Кездесу барысында Ажар Ғиният осы жобаның арқасында қазақстандықтар "АстраЗенека" инновациялық препараттарына қол жеткізе алатынын, сондай-ақ бұл Қазақстанның фармацевтика және медицина өнеркәсібі үшін ғылыми және кадрлық әлеуетті арттыруға ықпал ететінін атап өтті.

Өз кезегінде, Қазақстандағы «Астразенек» өкілдігінің директоры Мария Шипулева патенттелген молекулаларды оқшаулау Қазақстанда күшті және тұрақты фармацевтикалық секторды құру үшін қабылданатын маңызды қадам екеніне сенімді.

Кембриджде (Ұлыбритания) орналасқан Британдық-шведтік «АстраЗенека» компаниясы 100-ден астам елде ұсынылған және оның инновациялық препараттарын бүкіл әлем бойынша миллиондаған пациенттер пайдаланады.