
Бүгін Денсаулық сақтау вице-министрі Жандос Бүркітбаев Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің өкілдерімен, Комитеттің аумақтық департаменттері басшыларының қатысуымен жұмыс кеңесін өткізді. Кездесуде медициналық қызметтер саласында және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласында мемлекеттік бақылауды іске асыру мәселелері талқыланды.
Іс шарада Комитет Төрағасының орынбасары Лаурра Ахметнияз баяндама жасады. Л.Ахметнияз өз сөзінде медициналық қызметтер саласындағы мемлекеттік бақылауға қатысты жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады. Атап айтқанда, ол Комитеттің пациенттерді қолдау қызметтерінің рөлін күшейту, профилактикалық бақылау, жүргізілген тексерулердің нәтижелері және медициналық қызмет саласындағы мемлекеттік қызметтер туралы айтты.
Сондай-ақ, жұмыс кеңесі барысында қатысушылар дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналымы саласындағы проблемалық мәселелерді және оларды шешу жолдарын талқылады.
Ж. Бүркітбаев Комитет өкілдерінің есептерін тыңдап, бірқатар нақты тапсырмалар берді.