ҚР-ДА ДӘРІЛІК ЗАТТАР МЕН МЕДИЦИНАЛЫҚ БҰЙЫМДАРДЫ ЖАРНАМАЛАУҒА ҚАНДАЙ ТАЛАПТАР ҚОЙЫЛАДЫ

ҚР-ДА ДӘРІЛІК ЗАТТАР МЕН МЕДИЦИНАЛЫҚ БҰЙЫМДАРДЫ ЖАРНАМАЛАУҒА ҚАНДАЙ ТАЛАПТАР ҚОЙЫЛАДЫ

Жарнама біздің өміріміздің ажырамас бөлігіне айналды. Қайда қарасақ та, біз әрқашан қандай да бір өнім туралы түрлі-түсті суретті немесе бейнені таба аламыз. Дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдар да әртүрлі тәсілдермен жарнамаланады. Бүгін біз олардың қандай талаптарға сай болуы керектігін айтқымыз келеді.

 

Қазақстанда дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың жарнамасы «Дәрiлік заттар мен медициналық бұйымдардың жарнамасын жүзеге асыру қағидалары» Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 20 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-288/2020 бұйрығымен реттеледі. Оған сәйкес ақпарат сенімді болуы, екі тілде (қазақ және орыс) берілуі, қолдануға арналған нұсқаулыққа сәйкес келуі, жаңылыстырмауы, анық оқылуы және арнайы білімсіз түсінуге болатындай қолжетімді түрде берілуі тиіс.

 

Дәрілік заттардың немесе медициналық бұйымдардың жарнамасында мынадай ақпарат болуға тиіс:

- саудалық атауын;

      - халықаралық патенттелмеген атауын немесе құрамына кіретін белсенді компоненттер туралы мәліметтерді;

      - қолдану бойынша негізгі көрсетілімдерді;

      - қолдану тәсілі мен дозасын;

      - негізгі жанама әсерлерін;

      - негізгі қарсы көрсетілімдерін;

      - балаларға, жүкті әйелдерге қатысты, сондай-ақ емізу кезеңіндегі айрықша нұсқауларды (бар болса);

      - босатылу шарттарын;

      - тағайындау және қолдану алдында медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулықты, көрнекті және түсінікті ұсынымды және «Өз бетімен емдеу сіздің денсаулығыңызға зиянды болуы мүмкін» мазмұндағы ескерту мәтінін мұқият оқыңыз;

      - өндірушінің және (немесе) Қазақстан Республикасындағы сауда өкілінің атауын, мекенжайын;

      - тіркеу куәлігінің нөмірі және берілген күні;

      - тіркеу куәлігінің аяқталу күнін.

 

Құжатпен толығырақ сілтеме бойынша танысуға болады: https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2000021872.

 

Сондай-ақ, Қазақстанда «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» ҚР Кодексіне сәйкес жарнамаға тыйым салынған:

- тіркелмеген дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар;

- дәрігердің рецепті бойынша жіберілетін (оның ішінде үлгілерді тарату);

- оларды тағайындауға уәкілетті медицина қызметкерлерін пайдалану;

- оларды бірегей, ең қауіпсіз және тиімді етіп көрсету.

 

Естеріңізге сала кетейік, жарнаманы Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасына сәйкестігі туралы қорытынды алғаннан кейін ғана таратуға болады.