
2023 жылғы 15 қыркүйекте ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінде Ашық есік күні өтті.
Комитет бұл іс-шараны халыққа өздерін қызықтыратын барлық мәселелер бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында үнемі өткізеді.
Азаматтарды қабылдауда дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар айналымы саласында мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері, сондай-ақ көрсетілген медициналық қызметтердің сапасы мәселелері бойынша түсініктемелер берілді.
Айта кетейік, азаматтармен мұндай кездесулер тұрақты түрде өткізіліп тұрады және оларға кез келген адам бара алады.