АСТАНАДА МЕДИЦИНАЛЫҚ ТЕХНИКАНЫ ЖОСПАРЛАУ ЖӘНЕ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ БОЙЫНША КЕЗЕКТІ ОҚЫТУ БАСТАЛДЫ

АСТАНАДА МЕДИЦИНАЛЫҚ ТЕХНИКАНЫ ЖОСПАРЛАУ ЖӘНЕ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ БОЙЫНША КЕЗЕКТІ ОҚЫТУ БАСТАЛДЫ

Ағымдағы жылдың 11 қыркүйегінде Салидат Қайырбекова атындағы Ұлттық ғылыми денсаулық сақтауды дамытудың орталығында медициналық ұйымдардың қызметкерлері үшін медициналық техниканы тиімді жоспарлау және сатып алу негіздері бойынша 4 лекті оқыту басталды.

Оқытуға еліміздің 9 өңірінен 25 маман қатысты.

Бүгін аталған оқыту аясында ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің фармацевтикалық қызмет саласындағы мемлекеттік қызметтер басқармасының басшысы Кенжебек Тулешов баяндама жасады.

Өз сөзінде спикер медициналық бұйымдарды Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге өтініш беру кезінде қызмет алушылардың жиі кездесетін проблемаларымен бөлісті.

Сонымен қатар, Қ. Тулешов медициналық бұйымдарды әкелудің барлық тетіктері туралы егжей-тегжейлі түсіндірді, сондай-ақ осы қызмет регламенттелетін нормативтік-құқықтық актілерге назар аударды.

Айта кетейік, медициналық техника бойынша біліктілікті арттыру курстарын тұрақты негізде өткізу жоспарлануда.

2022 жылдың қараша айынан бастап барлығы 3 курста 76 адам оқудан өтті.
Ағымдағы жылдың қараша айында осы тақырып бойынша оқуды жалғастыру жоспарлануда.