PQM+ ЖОБАСЫНЫҢ ӨКІЛДЕРІМЕН ОДАН ӘРІ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША КЕЗДЕСУ ӨТТІ

PQM+ ЖОБАСЫНЫҢ ӨКІЛДЕРІМЕН ОДАН ӘРІ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Бүгін ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті мен Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығының басшылығы PQM + жобасының өкілдерімен кездесу өткізді.

PQM + жобасын USAID «Дәрілік заттарды ілгерілету Плюс» бағдарламасының Вице-президенті және директоры Джуд Нвокике және Орталық Азиядағы бағдарламаның қызметіне жауапты, денсаулық сақтау элементтері жөніндегі Директор Арчил Салакая ұсынды.

Кездесу барысында фармацевтика өнеркәсібін дамыту және сапа менеджменті жүйесін енгізу жобасын іске асыру шеңберінде PQM+ - пен одан әрі ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

PQM+ жобасы немесе «Дәрілік заттардың сапасын ілгерілету Плюс» бағдарламасы — бұл АҚШ-тың халықаралық даму агенттігі (USAID) мен АҚШ фармакопеялық конвенциясы (USP) арасындағы табысы төмен және орташа елдерде медициналық өнімнің сапасын қамтамасыз ету жүйелерін тұрақты нығайту мақсатында ынтымақтастық.

PQM+ кепілдендірілген сападағы негізгі медициналық өнімдерге қол жеткізуді қамтамасыз ететін тұрақты жергілікті денсаулық сақтау жүйелерін құруға көмектеседі, сондай-ақ бүкіл фармацевтикалық жүйеде сапаны қамтамасыз етудің халықаралық стандарттарын қолдану бойынша жұмыс жүргізеді.

Қазақстанда бағдарлама 2014 жылдан бері жұмыс істейді. Жұмыс барысында Қарағанды қаласындағы зертхана 2020 жылы преквалификацияланды, инспекторат PIC/s өтінім беруге дайындалды, реттеуші орган ДДСҰ бенчмаркингі бойынша 2 жетілу деңгейіне жетті және 3 жетілу деңгейіне жету бағытында жұмыс істейді, НҚА-ға өзгерістер енгізілді және т. б.

Қазіргі уақытта Қазақстан нарығындағы сұранысты қанағаттандыру және әлемдік нарықтағы бәсекеге қабілеттілікті дамыту үшін жалпы фармацевтика саласын дамыту жоспарында бағдарламаны кеңейту көзделуде.

PQM+ командасымен келесі кездесу қазан айына жоспарланған.