
Бүгін Астана медицина университетінде «ХХІ ғасыр академиясы: медициналық білім берудің, ғылым және практиканың алғы шебінде» Халықаралық саммиттің кезекті сессиясы өтті. Іс-шараға Мединалық және фармацевтикалық бақылау комитетінің төрағасы Нұрлан Ысқақов, Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығының, «СК-Фармация» ЖШС, шетелдік университеттер мен ғылыми институттардың өкілдері қатысты.
«Медициналық-фармацевтикалық кластердің қызметі: фармацевтика саласын дамытудың проблемалары мен сын-қатерлері» панельдік сессиясында Комитет басшысы Нұрлан Ысқақов сөз сөйледі. Өз сөзінде ол Комитеттің елдің фармацевтика саласын дамыту бойынша атқарып жатқан жұмыстары туралы айтты.
Қазақстанда Астана, Ақтөбе және Шымкент қалаларында инновациялық дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды әзірлеу бойынша медициналық-фармацевтикалық кластерлер құрылды.
«Қазақстан Республикасында медициналық-фармацевтикалық кластерлерді құру фармацевтика және медицина өнеркәсібін дамыту саласындағы маңызды аспект болып табылады, бұл өз кезегінде елдің фармацевтика саласындағы серпінді инновациялық жобалардың дамуына серпін бере алады. Қалыптасқан кластерлердің қызметі отандық фармацевтикалық және медициналық өнеркәсіп өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, сондай-ақ кооперациялық өзара іс-қимылды кеңейту арқылы инновациялық технологияларды енгізуге шоғырланады», - Н.Ысқақов атап өтті.
Комитет ТОП-50 BIGPHARMA құрамына кіретін ірі халықаралық фармацевтикалық компаниялармен ҚР аумағында олардың өндірісін оқшаулау мақсатында келіссөздер жүргізуде. Сондай-ақ, отандық өндірушілер үшін барлық қолдау көрсетіледі және қолайлы жағдайлар жасалады.
«Мемлекет тарапынан қолдау шаралары құрылған кластерлік бастамаларды одан әрі дамытуда тиімді ынталандыру болады деп сенемін. Өйткені фармацевтика әрқашан ең жаңа ғылыми әзірлемелердің шыңында және оның зерттеулері әрқашан жоғары жауапкершілікпен келеді», - Нұрлан Ысқақов атап өтті.
«ХХІ ғасыр академиясы: медициналық білім берудің, ғылым және практиканың алғы шебінде» Халықаралық саммиті 6-8 қыркүйек аралығында өтті. Келесі кездесуді Израильде өткізу жоспарлануда.