МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖӘНЕ ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ БАҚЫЛАУ КОМИТЕТІНДЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕС ӨТТІ

МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖӘНЕ ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ БАҚЫЛАУ КОМИТЕТІНДЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕС ӨТТІ

Бүгін ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің төрағасы Нұрлан Ысқақовтың төрағалығымен ҚР Денсаулық сақтау министрлігі, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, Комитеттің аумақтық департаменттері және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптаудың Ұлттық орталығы өкілдерінің қатысуымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңес өтті.

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өкілдері сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Н. Ысқақов өз кезегінде кеңеске қатысушыларды сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау, алдын алу жөніндегі Комитетте жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы таныстырып, осы бағыттағы одан әрі жоспарланған іс-қимылдар туралы айтып берді.

Кеңес барысында қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, толық жауаптар алып, күн тәртібіндегі өзекті тақырыптарды талқылай алды.