
Бүгін, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауын жариялады.
Мемлекет басшысы, ең алдымен, былтырдан бері жүргізілген ауқымды саяси реформаларға тоқталып, елімізде «күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» тұжырымдамасы барынша орныққанын, адам құқығын қорғау саласында маңызды қадамдар жасалып, әділдік пен заң үстемдігін орнату үшін ауқымды жұмыстар атқарылғанын атап өтті.
Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаев бүгінде ауылдық жерлерде 300-ден астам денсаулық сақтау нысаны салынып жатқанын және дәрігерлердің жалақысы айтарлықтай өскенін атап өтті. Орташа өмір сүру ұзақтығы да өсуде, өткен жылдың қорытындысы бойынша ол 74 жылдан асты.
ҚР Президенті Қазақстан халқына Жолдауында бірқатар маңызды міндеттер қойды.
Толық мәтінмен сілтеме бойынша танысуға болады: