63 МЕДИЦИНАЛЫҚ ҰЙЫМДА ЛИЦЕНЗИЯДАН КЕЙІНГІ БАҚЫЛАУ ЖҮРГІЗІЛДІ

63 МЕДИЦИНАЛЫҚ ҰЙЫМДА ЛИЦЕНЗИЯДАН КЕЙІНГІ БАҚЫЛАУ ЖҮРГІЗІЛДІ

2023 жылдың басынан бастап ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті медициналық қызметті мемлекеттік бақылаудың жаңа түрін жүргізуде. Лицензиядан кейінгі бақылау - берілген рұқсаттар бойынша біліктілік талаптарына сәйкестігін тексеру. Ағымдағы жылға 18 өңірдегі 111 медициналық ұйымда тексеру кестесі бекітілді.

ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті медициналық қызметтер көрсету саласындағы бақылау субъектілерінің біліктілік талаптарына сәйкестігіне тексерулерге талдау жүргізді. Бүгінгі таңда 15 өңірдегі субъектілердің шамамен 60% - ы жаңа тексерумен қамтылды.