
Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) Кеңесінің №76 шешімімен Еуразиялық экономикалық одақтың тиісті өндірістік практикасы қағидаларына өзгерістер енгізілді.
Жаңа редакцияға сәйкес ЕЭК Кеңесінің 2018 жылғы 26 қаңтардағы №15 шешімімен бекітілген өсімдік тектес шикізатты өсірудің, жинаудың, өңдеудің және сақтаудың тиісті практикасы ережелері қолданылады.
Үй-жайлардың құрылысында, жабдықта, инженерлік жүйелерде және өндіріс процестерінде өнімнің сапасына әсер етуі мүмкін кез-келген жоспарланған өзгерістер құжатталуы керек.
Біліктілік және валидациялық зерттеулердің деректерін басқа көздерден алуға жол беріледі. Ол үшін мұндай тәсілді қолдану мүмкіндігін растайтын жазбаша негіздеме қажет. Мұндай негіздеме валидациялық мастер-жоспарға немесе валидация жөніндегі өзге де құжаттарға енгізіледі. Оны дәрілік препараттың тіркеу деректерінің құрамына енгізуге рұқсат етіледі.
Сондай-ақ, егер тасымалдау жабдықтың функционалдығына әсер етпесе, оны сынауға және сатып алынатын қабылдау-тапсыру сынақтары барысында құжаттарды тексеруге болады. Мұндай жағдайларда орнатудан кейін қайта сынау қажет емес.
Шешім 2023 жылдың 7 қыркүйегінде күшіне енеді.
Құжатпен мына бойынша танысуға болады: