
Бүгін ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Төрағасы Нұрлан Ысқақовтың, Комитеттің фармацевтикалық және медициналық өнеркәсіпті дамыту басқарма басқармасының басшысы Айнұр Кабираеваның және «Kazakh Invest» ҰК АҚ өкілдерінің қатысуымен кездесу өтті.
Тараптар жергілікті дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар өндірісін ашуды жоспарлап отырған инвесторларды тарту бойынша өзара ынтымақтастықты, оларға неғұрлым қолайлы жағдайлар жасау және Қазақстанның фармацевтикалық нарығын одан әрі дамыту мәселелерін талқылады.
Н. Ысқақов фармацевтикалық компаниялар біздің нарықты зерттей отырып, өз өндірісін кеңейтуге және ҚР аумағында фармацевтикалық өнім шығару бойынша бірлескен алаңдар құруға қызығушылық білдіретінін атап өтті.
Комитет қолайлы бизнес-ахуалды құру бойынша белсенді жұмыс жүргізуде, барлық қолдау көрсетуде және рұқсат құжаттарын беру рәсімі бойынша түсіндіру жұмыстарын атқаруда.
2029 жылға қарай Қазақстан елдегі өз фармацевтикалық өндірісінің үлесін 50% - ға дейін ұлғайтуды жоспарлап отыр. Осы мақсатта ТОР-50 Big-Pharma ірі трансұлттық және басқа да шетелдік компаниялар тартылуда. Олармен келіссөздер жүргізілуде, жобаларға бастамашылық жасалануда және өндірістерді оқшаулау туралы келісімдерге қол қойылуда.