МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖӘНЕ ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ БАҚЫЛАУ КОМИТЕТІ МЕМЛЕКЕТТІК БАҚЫЛАУДЫ АВТОМАТТАНДЫРАДЫ

МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖӘНЕ ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ БАҚЫЛАУ КОМИТЕТІ МЕМЛЕКЕТТІК БАҚЫЛАУДЫ АВТОМАТТАНДЫРАДЫ

ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті еліміздің ғылыми орталықтары мен Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығы өкілдерінің қатысуымен Автоматтандырылған жұмыс орнын (АЖО) құрды, оның негізінде медициналық қызметтер сапасының индикаторлары бағаланады.

Модуль Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараттық жүйелерінен медициналық қызметтерді бақылау индикаторларының нәтижесін қалыптастыру үшін деректермен толтырылады және медициналық қызметтер көрсету саласындағы индикаторларды талдауға арналған.

Индикаторлардың көрсеткіштері республикалық, облыстық, қалалық, аудандық деңгейде және әрбір медициналық ұйым бөлінісінде қалыптастырылады. Сондай-ақ интерактивті картада және графикалық кескінде индикаторлардың көрсеткіштерін қалыптастыру көзделген.

Ағымдағы жылдың мамыр айынан бастап АЖО Комитет және оның аумақтық департаменттерінің мамандарымен белсенді түрде тестіленуде. Алынған мәліметтер негізінде Комитеттің объектіге барумен профилактикалық бақылау жүргізілетін медициналық ұйымдардың кестесі қалыптастырылады.

Бұл процесті автоматтандыру мемлекеттік бақылаудың тиімділігін арттыруға, озық жұмыс істеуге және алдын алуға, ашықтықты қамтамасыз етуге, бизнес-процестерді цифрландыруға және автоматтандыруға, деректерді жедел жинауға және талдауға мүмкіндік береді, бұл өз кезегінде көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасын арттырады.