
Жыл сайын бүкіл әлемде тамыздың бірінші аптасында Дүниежүзілік ана сүтімен қоректендіру апталығы өтеді. Биылғы апта ана сүтімен қоректендіру және еңбек белсенділігімен үйлесімділікке арналған.
Бұл акцияның мақсаты-көпшілікке ана сүті аурудың алдын алудың тиімді құралы болып табылатындығын, сондай-ақ ана сүтімен емізуге ықпал ететін аналардың базалық құқықтарын қорғау бойынша шаралар қабылдауды қолдау үшін ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұсыныстарына сәйкес, баланы алты айға толғанға дейін тек ана сүтімен тамақтандыру керек. Алты айдан кейін қосымша тағамдарды енгізуді бастауға болады. Ана сүтімен емізуді екі жылға дейін немесе одан да көп уақытқа дейін жалғастыру ұсынылады.
ЮНИСЕФ мәліметтері бойынша, ана сүтімен емізу 5 жасқа дейінгі 820 мың баланың өмірін сақтап қалуға көмектеседі.
Сарапшылар ана сүтімен емізу баланың өсуі, миының дамуы және денсаулығы үшін маңызды екенін атап өтті.
Сонымен қатар, ана сүті инфекциялардан қорғайды және семіздік қаупін азайтады.
Өзіңізді және жақындарыңыздың денсаулығын сақтаңыз!