
«Өмір біреу - бауыр біреу» - осындай ұранмен биыл Дүниежүзілік гепатитпен күрес күні атап өтіледі.
28 шілде күні таңдаған себебі, бұл күні ғалым, Нобель сыйлығының лауреаты, В гепатиті вирусын тауып және оған қарсы вакцина, диагностикалық тест жасаған доктор Барух Бламберг дүниеге келді.
ДДСҰ мәліметтері бойынша жыл сайын әлемде миллионнан астам адам гепатиттен қайтыс болады, әр 10 секунд сайын созылмалы аурудың жаңа жағдайы тіркеледі.
Гепатит вирусының А-дан Е-ге дейінгі көптеген түрлері бар.
Ең қауіптісі В және С гепатиті, олар күніне 8 мың адамды жұқтырады. Сондықтан мамандар аурудың алдын алудың, уақтылы тексерудің маңыздылығын атап өтеді.
Бүгінгі күні гепатитті емдеудің әртүрлі әдістері бар. Вирусты толығымен емдей алатын дәрілер бар. Дәрігерлер вакцинацияны ең тиімді әдіс деп атап өтеді.
Айта кетейік, бүгінгі таңда Қазақстан Орта Азия елдері арасында С гепатитімен күрес бойынша көшбасшы мемлекет болып табылады.
Өз кезегінде Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті гепатитке қарсы қауымдастықтармен, қоғамдық ұйымдармен кездесулер өткізеді және барлық қолдау көрсетеді. Жаңа дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды тіркеу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Қабылданған қадамдар осы аурумен күресетіндерді дәрі-дәрмекпен кеңірек қамтуға мүмкіндік береді.
Бұл күні біз сізді денсаулығыңызға жауапкершілікпен қарауға, оның жағдайын мұқият бақылауға және тексеру тапсыру үшін дәрігерлерге үнемі баруға шақырамыз.