
Медициналық жоғары оқу орындарының түлектері жұмысқа кірісу үшін дипломнан басқа клиникалық практикаға жіберу үшін маман сертификатын алу қажет. Бұл сертификатты ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің аумақтық департаменттері береді.
Өтініш берушілер құжаттарды өздері тіркелген аймақта немесе жұмыс орны ораналасқан аймағынан бере алады. Қызмет онлайн режимінде көрсетіледі. Сертификаттаудан өту және негізгі еңбек қызметін жүзеге асыру орны бойынша қолданыстағы маман сертификатын растау үшін «Электрондық үкіметтің» веб-порталы www.egov.kz, www.elicense.kz арқылы Комитеттің аумақтық департаменттеріне өтініш жіберіледі және қажетті құжаттар тіркеледі.
Мемлекеттік қызмет тегін және 5 жұмыс күні ішінде көрсетіледі. Сертификат 5 жыл мерзімге беріледі, оны мерзімі аяқталғаннан кейін растау қажет.
Жоғары медициналық білімі бар медицина қызметкерлері мынадай құжаттарды ұсынады:
- диплом (жоғары медициналық білім туралы);
- интернатура (бар болса);
- резидентура (бар болса);
- қайта даярлау (бар болса);
- біліктілікті арттыру туралы куәлік;
- сертификаттау курсы (Бар болса);
- атын, әкесінің атын, тегін өзгерту туралы немесе неке қию (ерлі-зайыптылық) туралы немесе некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы құжат, атын, әкесінің атын (бар болса)өзгерткен көрсетілетін қызметті алушылар үшін;
- бағалау нәтижесі (алғаш рет мәлімделген мамандыққа немесе мамандандыруға).
Орта медициналық білімі бар медицина қызметкерлері мынадай құжаттарды ұсынады:
- орта (техникалық және кәсіптік) білім туралы диплом (емдеу ісі (фельдшер); акушерлік іс, мейірбике диагност, зертханалық диагностика);
- біліктілікті арттыру туралы куәлік;
- сертификаттау курсы (бар болса);
- бағалау нәтижесі (алғаш рет мәлімделген мамандыққа немесе мамандануға);
- атын, әкесінің атын, тегін өзгерту туралы немесе неке қию (ерлі-зайыпты болу) туралы немесе атын, әкесінің атын (бар болса) өзгерткен көрсетілетін қызметті алушылар үшін некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы құжат.
Сертификаттауға жататын мамандықтар мен мамандандырулардың тізбесімен сілтіме арқылы таныса аласыз: https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2000021699.