АСТАНА МЕДИЦИНАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ АЛҒАШҚЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ-САНИТАРЛЫҚ КӨМЕК МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША СЕМИНАР-КЕҢЕС ӨТТІ

АСТАНА МЕДИЦИНАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ АЛҒАШҚЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ-САНИТАРЛЫҚ КӨМЕК МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША СЕМИНАР-КЕҢЕС ӨТТІ

Бүгін денсаулық сақтау вице-министрі Вячеслав Дудниктің төрағалығымен Астана медицина университетінде семинар-кеңес өтті. Іс-шараға Денсаулық сақтау министрлігінің, ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің өкілдері және еліміздің барлық өңірлерінен денсаулық сақтау басқармаларының басшылары қатысты. Кездесуде алғашқы медициналық-санитарлық көмек мәселелері талқыланды.

Жиналғандар алдында Комитет төрағасының м.а. Лаурра Ахметнияз сөз сөйледі. Өз баяндамасында ол Комитетте медициналық ұйымдардың жанындағы пациенттерді қолдау қызметтерінің біліктілігін арттыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтып берді. 2023 жылдың қаңтар-наурыз айлары аралығында Комитет Салидат Қайырбекова атындағы Ұлттық ғылыми денсаулық сақтауды дамыту орталығымен, ұлттық ғылыми медициналық орталықпен, әлеуметтік медициналық сақтандыру қорымен және денсаулық сақтаудағы сапа бойынша аккредиттеу орталығымен бірлесіп, өңірлердің денсаулық сақтау басқармалары басшылары, медицина қызметкерлері мен өңірлердің 2227 медициналық ұйымдарының қызметкерлері үшін аккредиттеу мәселелері, аккредиттеу стандарттары бойынша семинар-кеңес, соның ішінде медициналық қызметтердің сапасын басқару тетіктері бойынша тегін вебинарлар өткізді.

Сондай-ақ, Л.Ахметнияз қатысушыларды Ұлттық аккредиттеудің артықшылықтары туралы таныстырды. Бүгінде елімізде аккредиттеуден өткен медициналық ұйымдар Комитет тарапынан профилактикалық бақылаудан және Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының проактивті мониторингінен босатылады. Айта кету керек, жоғары технологиялық медициналық көмек қызметтері жоғары санатты аккредиттелген ТМККК/МӘМС жеткізушілерінде орналастырылады.

Семинар барысында қатысушылар төрағаның м.а. Лаурра Ахмениязға сұрақтарын қойып, толық жауаптар алып, күн тәртібіндегі өзекті тақырыптарды талқылай алды.