МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖӘНЕ ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ БАҚЫЛАУ КОМИТЕТІ БИЗНЕСКЕ ӘКІМШІЛІК ТОСҚАУЫЛДАРДЫ АЗАЙТУДА

МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖӘНЕ ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ БАҚЫЛАУ КОМИТЕТІ БИЗНЕСКЕ ӘКІМШІЛІК ТОСҚАУЫЛДАРДЫ АЗАЙТУДА

ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «таза парақтан» реттеу жобасы шеңберінде кәсіпкерлерге ыңғайлылыққа қол жеткізу үшін өз процестерін жетілдіру бөлігінде белсенді жұмыс жүргізуде. Комитет ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің 34 отырысын ұйымдастырды, онда «Атамекен» ҚР ҰКП сарапшыларымен және бизнес-қоғамымен бірлесіп 408 реттеуші актіге талдау жасалды.

«Денсаулық сақтау» саласы бойынша кәсіпкерлік саласындағы міндетті талаптардың тізілімі қалыптастырылды және Комитет пен Денсаулық сақтау министрлігінің сайтында орналастырылды. Ол нормативтік құқықтық актілердің, сондай-ақ кәсіпкерлік субъектілеріне қойылатын талаптардың дерекқоры болып табылады. Тізілім ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің ақпараттық жүйесіне енгізілді, онда экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші көрсетілген.

Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті бойынша 18 НҚА-ге өзгерістер енгізілуге тиіс болды. Бүгінгі күні 16 НҚА (90%) бекітілді, 2 НҚА «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодекске өзгерістер енгізілгеннен кейін бекітілетін болады.

Осылайша, денсаулық сақтау саласындағы жаңа реттеуші саясатқа көшу кәсіпкерлік субъектілері үшін әкімшілік тосқауылды төмендетуге, атап айтқанда талаптарды қысқартуға, сондай-ақ мемлекеттік бақылаудың тиімділігін арттыруға ықпал ететін болады.