
Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Сараптама мен бақылаудан медициналық көмектің сапа саясаты мен стратегиясын қамтамасыз ету» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Іс-шараға Комитеттің және оның аумақтық Департаменттерінің, Салидат Қайырбекова атындағы ҰҒДСДО, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры, ҚДСЖМ, Қазақстандық медициналық ұйымдар альянсы және ұлттық денсаулық сақтау палатасы өкілдері қатысты.
Қатысушылар алдында Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті Төрағасының м.а. Лаурра Ахметнияз баяндама жасады. Ол өз баяндамасында сапалы денсаулық сақтау қызметтері тиімді, қауіпсіз, адамдардың қажеттіліктеріне бағытталған және сапаны үздіксіз жақсарту принциптеріне негізделуі керек екенін атап өтті. Л.Ахметнияз Комитеттің медициналық қызмет көрсету саласындағы мемлекеттік бақылау бөлігінде атқарылып жатқан жұмыстары туралы айтып берді. Төрағаның м.а. медициналық ұйымдардың негізгі бұзушылықтарын және қазақстандықтар Комитетке қандай мәселелер бойынша жүгінетінін айтты.
Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті медициналық ұйымдардың жанындағы пациенттерді қолдау қызметтерінің біліктілігін арттыру бойынша белсенді жұмыс жүргізуде. Комитеттің тапсырысы бойынша Салидат Қайырбекова атындағы ҰҒДСДО базасында тұрақты негізде барлық өңірлердің денсаулық сақтау басқармалары басшыларына, 2227 медициналық ұйымдарда медицина қызметкерлері мен пациенттерді қолдау қызметінің қызметкерлеріне арналған семинар-кеңестер, вебинарлар өткізіледі.
Өз сөзінің соңында Лаурра Ахметнияз Комитеттің медициналық қызмет көрсету саласындағы мемлекеттік бақылауды жетілдіру жөніндегі алдағы жоспарларымен таныстырды. Сондай-ақ, дөңгелек үстелге қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, толық жауаптар алды.