
Синоптиктер дауыл туралы ескерту жариялады, алдағы күндері елдің басым аумағында қатты ыстық болады деп күтілуде. Жалпы, жаздың ортасы дәстүрлі түрде жоғары температурада өтеді. Мұндай күндері дәрі-дәрмектерді дұрыс сақтау ережелерін есте ұстаған жөн, өйткені әрқайсымызда үйде белгілі бір дәрі-дәрмектер бар.
Дәрі-дәрмектерді дұрыс сақтамау олардың емдік қасиеттерін жоғалтуға әкеледі және жағымсыз реакциялардың пайда болу ықтималдығын арттыруы мүмкін.
Ең алдымен, нұсқаулықпен танысу керек, онда міндетті түрде сақтау ережелері туралы жазылады. Көбінесе біз мұндай ақпаратты зерттеуге уақыт жұмсамаймыз және ораманы лақтырып тастаймыз. Мұндай жағдайларда сіз әрқашан нұсқаулықтың электрондық нұсқасын Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығының сайтында www.ndda.kz, «Дәрілік заттар мемлекеттік реестрі» бөлімінде таба аласыз.
Дәрілік заттарды сақтаудың жалпы қабылданған ережелері бар. Дәрі-дәрмектерді салқын, қараңғы және құрғақ жерде сақтаңыз. Оларды күн сәулесі түсетін жерлерде, терезе алдында немесе үстелде қалдырмаңыз. Алғашқы көмек жинағын ылғалдылығы жоғары бөлмелерде сақтауға болмайды. Егер нұсқаулықта немесе дәрі-дәрмектің жапсырмасында «салқын, жарықтан қорғалған жерде сақтау керек» немесе «құрғақ және салқын жерде» деп жазылса, бұл оны тоңазытқышта сақтау керек дегенді білдіреді. Сондай-ақ, сақтау температурасы 5°C-тан аспайтын препараттарды тоңазытқышқа қою керек. Оларды ылғалдан қорғау, дәрі-дәрмектерді қорапта немесе полиэтилен пакетте сақтау маңызды.
Біз үнемі қолданатын дәрі-дәрмектерге келетін болсақ, оларды әрқашан өзімізбен бірге ұстау керек. Оларды көлікте қалдырмаңыз, өйткені сіз жоқ кезде салон қызады. Қысқа уақытқа шығу керек болса да, өзіңізбен бірге алыңыз. Сондай-ақ, ешқандай жағдайда дәрі-дәрмектерді автомобильдің жүксалғышында тасымалдауға болмайды. Бұлда жүксалғыштын қызуымен және желдетудің болмауымен байланысты.
Ұшақпен ұшу кезінде дәрі-дәрмектерді өзіңізбен бірге қол жүгіңізде алған дұрыс, өйткені багаж бөліміндегі температура бақыланбайды. Егер сіз кенеттен өзіңізді нашар сезінсеңіз, ұзақ рейстерде өзіңізбен бірге дәрі-дәрмектің болуы өте маңызды.
Құрметті азаматтар!
Дәрі-дәрмектер, кез-келген өнім сияқты, дұрыс сақтауды қажет етеді. ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті сізді дәрі-дәрмектерді қауіпсіз қолдану мен сақтауды қамтамасыз ету үшін нұсқаулықтағы ақпаратты мұқият зерделеуге шақырады.